«Қостанай облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 140 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2009 жылғы 27 шілдедегі № 206 шешімі
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» мәслихаттың 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 140 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3664 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 14 қаңтардағы «Қостанай таңы» және «Костанайские новости» газеттерінде жарияланған, бұрын облыстық мәслихаттың «Қостанай облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 140 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 157, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3665 нөмірімен тіркелген, «Қостанай таңы» газетінің 2009 жылғы 4 ақпандағы № 13, «Костанайские новости» газетінің 2009 жылғы 4 ақпандағы № 17 жарияланған; «Қостанай облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» мәслихаттың 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 140 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 185 шешімімен, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3676 нөмірімен тіркелген, «Қостанай таңы» газетінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 50 жарияланған, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті (қоса берілген) мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 74494581,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 2939201,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 277069,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 245,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 71278066,3 мың теңге;
2) шығындар - 74828511,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 71 556,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 486000,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 414444,0 мың теңге;